20 мамыр күні Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Түлектер аллеясы» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында 10 және 11 сынып оқушылары мектеп ауласына гүлдер отырғызып, туған мектебіне деген құрметтері мен қамқорлықтарын көрсетті.
«Түлектер аллеясы» — табиғатты аялауға, мектеп ауласын көркейтуге және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды.





