Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы шеңберінде 9-11 сынып оқушыларына «Кітап емес бетбелгілер» және «Бұзақы» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырды.
Мақсаты-есірткі, буллинг және агрессияға байланысты қылмыстардың салдарын түсіндіру және жасөспірімдердің назарын заң алдындағы жауапкершілікке аудару.


