Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 23 наурыз – «Тазару күні» аясында игі іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа баулу және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру болды. Аталған күні мектеп оқушылары белсене қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар жалғыз басты зейнеткердің үйінің ауласын тазалап, айналасын қоқыстан арылтып, үлкен көмек көрсетті. Бұл – өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен қамқорлығының айқын көрінісі болды.
Осындай қайырымды істер арқылы оқушылар мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиеленіп, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға қадам жасайды.



