2026 жыл 16 наурыз Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Наурызнама» концепциясы аясында «Мәдениет және ұлттық салт — дәстүр күні» 3 сыныбында Ерсаинова Н.Б өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу және жас ұрпақтың бойында туған елдің дәстүріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріп, мақал-мәтелдер айтып, ұлттық дәстүрлерге байланысты көріністер көрсетті. Сонымен қатар балалар ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері жайлы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара өте қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрдің маңызын түсініп, ата-баба мұрасын құрметтеудің маңыздылығын ұғынды. ![]()



