«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығында және мектепалды даярлық сыныбында » 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шара барысында балалар аналарына, әжелеріне және тәрбиешілеріне арналған тақпақтарын айтып, ән шырқап, би биледі. Балалардың өнері мен жылы лебіздері аналарға ерекше қуаныш сыйлады.

Іс-шараның басты мақсаты – аналарға деген құрметті арттыру, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Мереке соңында балалар аналарына арнап дайындаған шағын сыйлықтарын табыстады.

Осындай мерекелік шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайтады.

Источник дополнительной информации