14 ақпан күні – «Халықаралық кітапты сыйлау күні»

2026 жылдың 14 ақпан күні – «Халықаралық кітапты сыйлау күні» мерекесіне орай Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі қабырғасында танымдық әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру болды.

Мереке барысында оқушылар бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйлап, оқыған шығармалары жайлы ой бөлісті. Кітапхана қорын толықтыру мақсатында «Кітап сыйла – білім сыйла» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға қызықты әдебиеттер таныстырылды.

Аталған шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына оң ықпал етті. Кітап – адамзаттың рухани байлығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл күн мектеп өмірінде ерекше із қалдырды.

Возможно, это изображение текст

Источник дополнительной информации