18 мамыр — Халықаралық мұражай күніне орай Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Мұражай сабағы» өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар мұражай экспонаттары арқылы «Өткен мен болашақ» арасында ерекше диалог құрды. Әр оқушы тарихи жәдігерлерді сөйлейтін кейіпкерге айналдырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы олардың тарихын, маңызын және бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиесін ашып көрсетті.
Іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырды.





