«Мамандықтармен танысу»

2026 жылы мектепалды даярлық сыныбында «Мамандықтармен танысу» тақырыбында танымдық іс-шараны тәрбиеші Канафина А.Қ өткізді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы мағлұмат алды. Балалар дәрігер, мұғалім, аспаз, өрт сөндіруші, құрылысшы секілді мамандықтар туралы қызығушылықпен әңгімелеп, ойын арқылы өз қабілеттерін көрсетті.

Шараның мақсаты – балалардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру.

Қосымша ақпарат көздері