21 cәуір күні 5-6 сынып оқушыларымен «Кәсіп таңдау – өмір жолын таңдау» тақырыбында өз қабілетін, қызығушылығын және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесетін кәсіби бағдар беру тренингі өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануын дамыту, еңбек нарығындағы мамандықтар туралы ақпарат беру және жеке қабілеттеріне сәйкес дұрыс кәсіби бағыт таңдауға көмектесу. Сонымен қатар, тренинг арқылы оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, пікір алмасу, ой бөлісу және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырды.
«Кәсіп таңдау – өмір жолын таңдау»

