Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні – «Әз Наурыз» мерекесі 0–11 сынып оқушыларының қатысуымен кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеді. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, сахналық көріністер ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды.
Мерекенің мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу және елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.





