Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 18 наурыз – Ұлттық киім кию күні ерекше аталып өтті. Бұл күн – халқымыздың бай мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған маңызды мереке.
Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өзара сән көрсетілімін ұйымдастырды. Әрбір киімнің өзіндік ерекшелігі мен мағынасы таныстырылып, ұлттық нақыштағы әшекейлер мен ою-өрнектердің мәні түсіндірілді. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген құрметін білдіріп, ұлттық рухты көтере білді.
Мерекелік шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық киімдерге деген қызығушылықты арттыру болды.


