Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 5–10 сынып оқушылары мектеп ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді ![]()
Оқушылар сынып бөлмелерін тазалап, парталар мен орындықтарды жуып, мектеп ішінің таза әрі ұқыпты болуына өз үлестерін қосты.
Бұл шара оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.





