20 наурыз 2026 жылы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 7-сынып оқушылары және мектеп парламентының мүшелерінің қатысуымен «Ұлттық спорт күні» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық спорт түрлерімен таныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Шара барысында оқушылар тоғыз құмалақ, асық ату, бес тас секілді ұлттық ойындар бойынша өзара сайысқа түсіп, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсете білді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.





