Ұлыстың ұлы күні – «Әз Наурыз»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығында ұлыстың ұлы күні – «Әз Наурыз» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру.

Мерекелік шара барысында балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтар айтты.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Әз Наурыз» мерекесі арқылы балалар ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиеленді.

Источник дополнительной информации