Кәсіби бағдар жұмыстары

2 наурыз күні Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдері және Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің өкілдері аудандық мәдени-сауықтыру орталығында Аққайың ауданының 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында университет және колледж мамандары оқу орнындағы мамандықтар, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, қабылдау шарттары, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайлы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Оқушылар ақпаратпен танысып, сұрақтарына жауап алды. Университет және колледж өкілдеріне алғыс білдіреміз.

Возможно, это изображение кларнет, скрипка и текст

Источник дополнительной информации