«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің АӘДТ пәнінің мұғалімі Жакупов Т.А 5-11 сыныптың оқушыларына «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны — Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты.

Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті.

Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны — 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айырылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат із-түзсіз кетті.

Источник дополнительной информации