«Эмоциялар картасы және өзіне қамқорлық»

5–16 ақпан аралығында мектебімізде «Позитивті мағыналар аумағы» атты онкүндік өтуде. Онкүндік аясында «Эмоциялар картасы және өзіне қамқорлық» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өз эмоцияларын тануына, түсінуіне және оларды дұрыс басқаруына көмектесу, сондай-ақ психоэмоционалдық саулықты сақтауда өзін-өзі қолдаудың маңызын ұғындыру.Жаттығулар барысында оқушылар өз көңіл күйін талдап, эмоцияларын анықтауға және өзіне қамқорлық жасаудың тиімді тәсілдерін белгілеуге үйренді.

Источник дополнительной информации