2026 жыл 5 мамыр күні Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 1–10 сынып оқушылары арасында «Жігіттер додасы» атты спорттық-танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды батылдыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ Жеңіс күні қарсаңында жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерінің күш-жігерін, шапшаңдығы мен тапқырлығын көрсетті. Жарыс өте қызықты өтті.
Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.





