10 сәуір «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің өкілдері Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж мамандары колледждегі мамандықтар, оқу бағдарламаларының шарттары, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайлы ақпараттармен бөлісті. Оқушылар толықтай ақпаратпен танысып, сұрақтарына жауап алды. Колледж өкілдеріне алғыс білдіреміз.
9-10 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмыстары

