Аудан деңгейінде қазақ тілі пәнінен семинар

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 2026 жылдың 2 сәуір күні аудан деңгейінде қазақ тілі пәнінен семинар өткізілді.

Семинардың тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында жасанды интеллектті интеграциялау және адал азамат тәрбиелеу».

Аталған іс-шараға аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында мұғалімдерге жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, сабақ үдерісіне енгізу тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, оқушыларға сапалы білім беру арқылы адалдық, жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Семинар аясында ашық сабақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдермен танысты. Іс-шара қорытындысында педагогтер өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін жетілдіруге бағыт алды.

Қосымша ақпарат көздері