8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 1–10 сынып оқушыларының қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараның мақсаты – аналар мен ұстаздарға құрмет көрсету, оқушылардың сыйластық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қыздарға арналған түрлі қызықты ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Қосымша ақпарат көздері