Алғыс айту күніне орай Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің «Жас ұрпақ» еріктілер тобы және жетекшісі Жакупов Т.А «Қайырымдылық акциясына» белсене қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қамқорлық көрсету, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болды.
Бұл акция оқушыларға алғыс айтудың маңызын түсіндіріп қана қоймай, қоғамға пайда тигізудің, бір-біріне қолдау көрсетудің үлгісін көрсетті. Жас ұрпақтың жүрегіне мейірім мен жауапкершілік ұялатқан шара жоғары деңгейде өтті.




