«Адалдық дүкені»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің даярлық сыныбында «Адалдық дүкені» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны тәрбиеші Канафина А.К өткізді.

Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушылердың бойында адалдық, шыншылдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сенімге негізделген мінез-құлық мәдениетін дамыту.

«Адалдық дүкенінің» ерекшелігі – дүкенде сатушы болмайды. Оқушылар өздеріне қажетті затты таңдап алып, бағасын қарап, ақшасын арнайы жәшікке өздері салады. Осы арқылы балалар адалдық пен өзін-өзі бақылау дағдыларын тәжірибе жүзінде үйренді.

Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, ережелерді сақтай отырып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарады. Қорытынды бөлімде адалдықтың маңызы талқыланып, «Адал болу – адам бойындағы ең асыл қасиет» деген тұжырым жасалды.

Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі пайдалы өтті.

Қосымша ақпарат көздері