«Онлайн көрме – сот отырысы»

2026 жыл 20 қаңтар Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Заң және тәртіп» айлығының аясында АӘД пәнінің мұғалімі Жакупов Т.А. 7–11 сынып оқушыларына арналған «Онлайн көрме – сот отырысы» атты танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру болды. Онлайн форматта көрсетілген сот отырысы арқылы оқушылар сот процесінің кезеңдерімен, қатысушылардың міндеттерімен және заң бұзушылықтың салдарымен танысты.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері