14 қантар 2026 жылы «Заң және тәртіп» айлығының шеңберінде «Өз құқықтарынды біл!» атты тақырыпта құқық пәні мұғалімі Сапарова З.А интернат оқушыларына тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Қаңтар айында «Заң мен тәртіп» құндылығын насихаттай отырып, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тәртіпке және заңға құрметпен қарауды үйрету. Әділеттілік, жауапкершілік және тәртіпке деген түсінікті тереңдету.
Міндеттері:
1. Оқушыларға заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру.
2. Тәртіптің әрбір адам үшін жауапкершілік екенін меңгерту.
3. Әділеттілік және адалдық ұғымдарын тәрбиелеу.
4. Оқушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін дамыту.


