9 қантар 2026 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Заң және тәртіп» іс-шаралар айлық жоспары негізінде жаһандық құзыреттілік пән мұғалімдері Сапарова З.А және Жакупова И.Т «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаттары:
1.Ата-аналардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру;
2.Балаларға қаржыны дұрыс басқару, үнемдеу және жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін үйретуде ата-ананың рөлін күшейту;
3.Қаржылық қатынастардағы заң және тәртіп қағидаттарын түсіндіру, алаяқтықтан сақтану жолдары туралы ақпарат беру;
4.Отбасында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты құндылықтарды қаржылық тәрбие арқылы қалыптастыру;
5.«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.




