«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ-нің мектепке дейінгі және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күнін өткізу туралы
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сабақтастығы: дамудың негізгі векторлары»
Мақсаты:
Балалардың мектепке дейінгі ұйымнан мектепке ауысу үдерісін жеңілдету мақсатында балабақша мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
— Мектепке дейінгі ұйым педагогтарын қазіргі білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру;
— Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету;
— Балалардың мектепке психологиялық, зияткерлік және әлеуметтік дайындық деңгейін талқылау.
Күтілетін нәтижелер:
— Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара әрекеттестігін жақсарту;
— Сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
— Бірлескен іс-шаралар мен жобаларды әзірлеу;
— Бірінші сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейту;
— Баланың жеке даму картасын (ИС НОБД) интеграциялау арқылы балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық «лифтісін» құру;





